Мақат аудандық полиция бөлімінің нөмірі 57 бұйрығына сәйкес аудан көлемінде 11-15 наурыз аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталмыш іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу, болдырмау және түрлі қоғамға қауіпті іс әрекетке ермеу турасында түсінік жұмыстарын жүргізу.
![]()
Шара барысында ЮПТ инспекторлары мен білім беру және денсаулық сақтау бөлімі өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттерді алдын алу мақсатында аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына сауалнамалар жүргізіп, дәрістер оқуда. Профилактикалық «Жайсыз отбасы» есебінде тұрған отбасылардың мекен-жайлары бойынша рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып, олармен де профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілуде.
К.Серікбаева,
Мақат АІІБ-нің ЖПҚ-ның ЮПТ КТТЖ инспекторы полиция аға лейтенанты



