Тұщықұдық ауылдық округінде қар тазалау жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Тұщықұдық ауылдық округінде ауылішілік автокөлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.

Аталған шаралар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, ауыл тазалығын сақтау, қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік қатынасының қалыпты жүруіне жағдай жасау мақсатында атқарылуда. Қардан дер кезінде тазаланған жолдар – жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да қызмет түрлерінің кедергісіз қатынауына мүмкіндік береді. Бұл ретте коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп, ауыл көшелерін кезең-кезеңімен тазалауда. «Таза Қазақстан» акциясы – тек қоршаған ортаны қорғауға емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның туған ауылына деген жанашырлығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған бастама.

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT