АДАМ ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

(0 Votes)

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

 Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы қоғамдағы ең өзекті құндылық – адам құқықтарын қорғауды алдыңғы орынға қоятынымен маңызды деп есептеймін.

Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының тек Преамбулада ғана емес, бүкіл негізгі заңның мағыналық өзегіне айналуы – құқықтық мемлекет құру жолындағы нақты әрі маңызды қадам.

Сонымен қатар дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылуы, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатының айқындалуы қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған орынды шешімдер деп ойлаймын.

 Бұл өзгерістер Конституцияның заман талабына сай жаңарып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін одан әрі күшейте түсетініне сенім мол.

Қ.ОМАРОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT