«Қара алтынды» байлығымен елге мәшһүр Мақат ауданының ақпарат айдынына ақшаңқан желкенін керген «Мақат тынысы» газетінің тұңғыш нөмірі 2001 жылдың 22 маусымында жарық көрді. Аудандық қоғамдық-саяси газеті мәртебесіне ие бұл басылым сол жылдың аяғына дейін айына екі рет, 2003 жылдан бастап төрт рет шығарыла бастады.
Балаң басылымның темірқанат талпынысты күндері қаз тұрып, қатарға қосылу тарихы қиындыққа да, қызыққа да толы. Аудан айнасына айналған газеттің редакторлығын алғаш ашылған жылдан бастап филолог маман Гүлзада Есмырзақызы Саликова 2021 жылға дейін атқарып келді.
Газеттің Доссордағы тілшісі қызметін Жолмағамбетов Серік сынды фототілші, Қазақстан Жазушылары және Журналистері одағының мүшесі, ақын Амангелді Жылқышиев келіп, творчестволық құрамды байыта түсті. Облыс әкімінің 2001 жылдың 28 желтоқсанындағы 358-інші нөмірлі «Аудандық газеттерді «Атырау-Ақпарат» коммуналдық кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарына қайта ұйымдастыру туралы» шешіміне орай, «Мақат тынысы» 2002 жылғы наурыздан бастап аталмыш кәсіпорынның еншілес кәсіпорны мәртебесімен жұмыс істеуге көшті.
Жаңа құрылым жағдайында редакцияның материалдық-техникалық қуаты артты. Редакция мекемелік жиһаздармен, толықтай компьютермен, көлікпен қамтамасыз етілді. Осы замандық озық байланыс жүйесі іске қосылды. Қазір «Мақат тынысы» уақыт пен заманның талабына, үрдісіне сай творчестволық құрамда қызмет етуде. Газет - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспа және бұқаралық құралдары арасында өткізген республикалық конкурсының 1 дәрежелі диплом иегері. Сондай-ақ, республикалық «Қайырымды істер марафоны» сайысының үшінші орын жүлдегері.
Газеттің оқырман қауымның талғамынан шығып, көкейдегісін дөп басуына бірнеше жылдар бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы міндетін атқарған Лена Мыңбайқызы Нұрбаеваның, бүгінде өмірден өтіп кеткен қарымды журналист Жәнібек Аманғали Есқабылұлының қосқан үлесі ерекше болды. Сондай-ақ, редакцияда әр жылдары еңбек еткен журналист, ақындар Арал Байжігітов, Асантемір Қаршығаұлы, Нұрбейбіт Нұғыманов, Анварбек Садықовтардың өзіндік ізі қалды.
Кейіннен редакция құрамын толықтырған Алмагүл Таумұрынова, Асылбек Есжан Әсем Қасым алдыңғы буынның шығармашылық еңбегін табысты жалғастырып келеді.
«Мақат тынысы» Бүгінде республикаға мәлім «Атырау- Ақпарат» медиа холдингтің құрамдас бөлшегі қатарында оқырмандарына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Оқырманның сенімді серігі танылуға әрқашанда бейілді «Мақат тынысы» ұжымының болашаққа сенімі зор.
Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС
Директоры: Елеусінов Нұрболат Мақсотұлы
Газетке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде қайта тіркелгені жөнінде 2024 жылдың 8 қаңтарында № KZ32VPY00085007 куәлігі берілген.
Редакция газетінің ғаламторлық нұсқасы maqat-tynysy.kz домені тіркеліп, 14 тамыз 2018 ж, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Ақпарат комитеті, Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлігі №17235-ИА берілген.
Бас редактор: Ізтұрғанова Мөлдір Серікқызы
Журналистер: Мурзагалиева Жанат Түсіпқалиқызы, Қасым Әсем Талғатқызы, Асылбек Ищан Жұмабекұлы
Дизайнер: Жансұлтан Гүлжанар Жансұлтанқызы
Жарнама менеджері: Жанат Абдигалиева Нұрболатқызы
Көлік жүргізуші: Ерлан Мақтанов Жарылғасынұлы
Редакцияның мекен-жайы: Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
Электронды почта:
Байланыс телефоны: 8 (712)39 3 07 66