Айбын
- Автор: Мақат тынысы
- Категория: Айбын
- 119
ХХІ ғасыр жаһандану дәуірінде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек жауынгер санына ғана емес, ең алдымен заманауи әскери техника мен оны кәсіби деңгейде басқара алатын білікті мамандарға байланысты. Әскери қуаттың негізі – жоғары технология, ал сол технологияның сенімді жұмыс істеуі әскери техникалық мамандардың білімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан әскери техникалық мамандықтар бүгінгі таңда ел қорғанысындағы ең маңызды әрі сұранысқа ие салалардың біріне айналып отыр. Қазіргі заманғы әскер – тек сапта тұрып, қару ұстаумен шектелмейді. Әскери қызмет жас азаматтарды тәртіпке, төзімділікке ғана емес, сонымен қатар техникалық сауаттылыққа, инженерлік ойлауға баулиды.
- Автор: Бекарыс
- Категория: Айбын
- 437
UTEBAYEV UNIVERSITY—де «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүйелі түрде ұйымдастырылған бірқатар профилактикалық және ақпараттық іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Жастар және заң үстемдігі» тақырыбында облыстық форум өтті.
Іс-шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен өңірдегі колледждердің студенттері, оқытушылар құрамы белсенді түрде қатысты. Форумның бірінші бөлімінде медиатр Жанат Асабаева, заңгер Бауыржан Балмағанбетов, психолог Марта Саудабаевалар баяндама жасап, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұлғалық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне тоқталды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң үстемдігінің қоғамдағы маңызын түсіндірді. Студенттер қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Форум аясында «Safi Quiz» интеллектуалды ойыны өткізіліп, облыстық деңгейдегі тартысты әрі танымдық сайысқа ұласты. Сайыс барысында қатысушылардың құқықтық білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдау дағдылары мен командалық жұмысы жоғары бағаланды. Интеллектуалды ойын жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал етті. «Safi Quiz»-дің қорытындысы бойынша Мұнай-газ факультеті, «Болашақ» командасы және Энергетика және құрылыс колледжінің командалары үздіктер қатарынан көрінді.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Айбын
- 3733
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін Ұлттық ұлан сапы жас сарбаздармен толықты. Атыраудағы 5546 әскери бөлімінде жас жауынгерлер әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде кірісті.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Айбын
- 3814
Атырау қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген жас сарбаздар алғашқы атыс даярлығынан сәтті өтті.
- Автор: Мақат тынысы
- Категория: Айбын
- 13869
Өткен демалыс күндері «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында «АЙБЫН-2024» дәстүрлі облыстық әскери-патриоттық жиыны өтті.



