Өзекті
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1028
10 ақпаннан бастап Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрлықтың, оның ішінде мал ұрлығы мен автокөліктерді заңсыз айдап әкетудің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Басты мақсат – азаматтардың мүлкін қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1062
«Теңізшевройл» қызметкерлері қазақстандық жеткізушілерді бақылау шеңберінде шыны-талшық резервуарларын өндіруді бағалап, жабдықтардың қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерін талқылады.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1097
«Теңізшевройл» 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күші болып қалыптасты. Компания миллиардтаған доллар инвестициялап, жергілікті өндірісті дамытуда. 1993 жылдан бері компанияның ел экономикасына қосқан жалпы үлесі шамамен $212 млрд құрайды, оған жалақылар, сатып алулар, дивидендтер және салықтар кіреді. 2025 жылы ТШО үлесі $10,6 млрд болды, ал қазақстандық жеткізушілерден сатып алу көлемі — $1,8 млрд.
- Автор: Бекарыс
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 4630
Атырау облысында қайта жаңғыртылып жатқан «Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолы сапа бақылауынан өтіп, анықталған ақауларды түзету жұмыстары жүргізілуде.
Жоба «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау филиалының тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері филиал инженерлері нысанға бірнеше рет тексеріске шығып, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан бірнеше сынама алынған. Анықталған кемшіліктер жойылған.
Сонымен қатар жол жабындысының отыруы, сызаттардың және жарықтардың пайда болуы сияқты 9 ақау тіркелген. Осыған байланысты тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге ескерту хат жолданды.
Қазіргі таңда 616-648 шақырым аралығында анықталған ақауларды жою жұмыстары басталды. Мердігер «ЛЯНКЯРАН ЙОЛ ТИКИНТИ» ААҚ филиалы жолдың отырған учаскелері кесіліп алынып, орнына жаңа асфальтбетон қабаты төселуде.
Филиалдың бөлім бастығы Нұрлан Жантуриннің айтуынша, барлық құрылыс процесі кезең-кезеңімен бақылауға алынған:
«Жол сапасына қатысты анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда кемшіліктерді түзету жұмыстары жүріп жатыр. Біздің мамандар жолдың әр учаскесін бақылауда ұстайды».
Атырау-Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Жоба толық аяқталған соң өңірдегі транзиттік тасымалдың сапасы артып, көлік қозғалысы жеңілдейді деп күтілуде.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 5065
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Атырау облысының 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығына арналған жиын өтті.
Жиында аймақтың әлеуметтік нысандарын, инженерлік инфрақұрылымын және энергетикалық жабдықтарын қысқы маусымға уақтылы дайындау мәселелері қаралды.


