Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы қабылдануда.
Жаңа Конституция жобасында маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылған болатын.
Осыған байланысты еліміздің негізгі заңында алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғауға бағытталған заң бекітіліп отыр.
Бұл бастама жеке деректердің қауіпсіздігіне, цифрлық кеңістікте азаматтардың құқықтарын күшейтуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған кезеңде азаматтардың құқықтарын Ата Заң деңгейінде қорғау – уақыт талабына сай шешім деп білемін.
Мәлік Әнесұлы,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



