Бүгін ауданымызға қарасты Сағыз өзені бойындағы “Ақкөл” көлінде әуесқой балықшылар арасында балық аулаудан “Аудан әкімінің кубогі” өтті.



Аталған шара - салауатты өмір салтын насихаттауға, балық аулауға қызығушылық танытатын тұрғындар арасында тәжірибе алмасу және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталды.
Шара барысында аудан әкімі Азамат Саматұлы сөз алып, бұқаралық спортты дамыту барысында бірқатар спорттық шаралар қолға алынғандығын атап өтіп, ауданымызда дəстүрлі түрде өтетін балық аулау сайысына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлығы 30 балықшы қатысып, нәтижесінде белгіленген 2 сағат арасында ең көп балық аулаған жеңімпаздар анықталды.
Атап айтқанда, І орынды Жасұлан Ерғазиев жеңіп алса, ІІ орымен Алинұр Мұратұлы, ІІІ орынмен Рауан Жарылғасынов марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаздар аудан әкімінің арнайы алғыс хаты, кубоктармен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
С.Бекарыс



