АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы көпбалалы аналарды құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. «Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Кез келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Ал, ұрпақ тәрбиелеудегі сіздердің орындарыңыз қашанда жоғары. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол»,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ел демографиясына үлес қосқан аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерін табыстады.

Олардың қатарында Әсел Ташиева «Алтын» алқамен, Шынар Мұхамбетова, Жаңылсын Танова, Гүлбаршын Сәрсенбаева, Шынар Әлжанова, Әйгерім Рахметжанова, Жансая Көшмұханбетова, Әйгерім Урустемова, Айымгүл Есенғалиева, Марта Айтуарова, Асылай Мұналбаева «Күміс» алқамен марапатталды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT