Атырауда 11 мың текше метрден астам қар шығарылды

(0 Votes)

17 қаңтардан бері Атырау қаласы аумағынан 11 мың текше метрден астам қар қала сыртына шығарылды. Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер жолдарын, әлеуметтік нысандар маңын, қауіпті бұрылыстар мен көпірлердегі көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға 450 тонна тұз және 460 текше метр арнаулы топырақ себілді. Бұл туралы “Арнаулы автобаза” ЖШС басшысы Алмаз Ізтілеуов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Қар тазалау жұмыстары қала бойынша белсенді түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта да тұрғындарға қолайлы және қауіпсіз жол жағдайын қамтамасыз ету — басты назарда. Бүгінде бұл жұмыстарға «Арнаулы автобаза» мекемесінің 15 техникасы мен 40-қа жуық жол қызметкері жұмылдырылған,- деді А.Ізтілеуов.

Айта кету керек, алда күн суытып, көбіне бұлтты болмақ; түнде термометр көрсеткіші шамамен -7…-8°С, күндіз -1…-2°С-ге өзгереді деп болжануда. Аздаған жаңбыр жауып, солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT