ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

(0 Votes)

Жақында Доссор кентінде түнде жауған қарды дер кезінде тазалау мақсатында және «Таза бейсенбі» акциясы аясында тазалық шаралары өтті.

Аталмыш тазалық акциясына 20-ға жуық қызметкер жұмылдырылып, ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тротуарлар мен қоғамдық орындар қардан тазаланды. Сонымен қатар, арнайы 2 техника көшелердегі жолдарды қардан аршып, мұз қату қаупінің алдын алу үшін тұз араласқан топырақ себілді. Аталған жұмыстар жөнінде «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев қысқы кезеңде мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

 «Түнде жауған қарды дер кезінде тазалау - тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті өмірінің қалыпты өтуі үшін аса маңызды. Осы бағытта барлық жауапты мекемелермен бірлесіп, жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеміз», — деді ол.

 Г.ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT