Пробация шарасы жалғасуда

(0 Votes)

9 наурызда ауданда  «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы бастау алды.

Шараныӊ басты мақсаты – пробация қызметініӊ есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу.

Пробация қызметінің қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, бас бостандығынан айырмай жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіледі. Пробация қызметінен бой тасалаған  жағдайда немесе көрсетілген талаптарды орындамаса, шартты сынақ мерзімі ұзартылатыны және жазасының күші жойылып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы  туралы жауапкершілігі түсіндірілуде.

Шара 18 наурызға дейін жалғаспақ.

М.УМБЕТАЛИЕВА,

аудандық пробация қызметі

тобының инспекторы әділет лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT