«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген Бауыржан Момышұлының нақылы бүгінгі күні де өз өзектілігін жойған жоқ.
Расында да тәртіп бар жерде тұрақтылық пен береке қатар жүреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқына Жолдауында «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» екенін ерекше атап өткен болатын.
«Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным», - деді Президент.
Иә, қоғамда заң үстемдік құрмайынша, әділет те, сенім де толық орнықпайды. Заңға бағыну – елге қызмет етудің бір көрінісі. Әр азамат тәртіпті өзінен бастаса, қоғамымыз да қауіпсіз, келешегіміз де кемел болмақ.
Г.ОМАРОВА,
Мақат балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы



