Бүгін аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округінің ардагерлерін қабылдады.
Кездесуде алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Саматұлы елдің бірлігін сақтап, татулыққа үндеп жүрген қазыналы қарттардың қоғамдағы еңбектерінің өлшеусіз екенін айтып, ауданның өркендеу жолында атқарған қызметтеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ауданның ғасыр тойы қарсаңында әр салада қызмет еткен ардагерлерге «Ауданның 100 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.
Өз кезегінде еңбек ардагерлері аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, көрсетілген құрметке ризашалықтарын жеткізді.
Ә.Қасым