АУДАНДА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

АУДАНДА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ
(0 Votes)

Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы», Атырау облыстық филиалының қолдауымен және тікелей Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның 100 жылдығына арналған «Мұнайлы елім-киелі жерім» атты батыс аймақтық ақындар айтысы өтті.

Айтыс аламанының ашылуында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.

Дүбірлі доданы елімізге белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров жүргізіп, айтыста Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау қаласы мен аудандарынан барлығы 12 ақын өнер көрсетті.

Олар жеребе суыру арқылы қарсыластарын таңдап, шаппа-шап айтысты.

Қара домбыраны серік етіп, жұрт алдында кестелі сөзбен өрнек өрген айтыскерлер Мақат ауданының тарихын айтып, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін қозғады.

Нәтижесінде сайыстың бас жүлдесі атыраулық айтыскер ақын Серікбол Панабердиевке, I орын мақаттық ақын Нұрбек Сарбасов пен Батыс Қазақстан облысының ақыны Айнабек Бисенғалиевке, II орын мақаттық Анварбек Садықов пен IIІ орын индерлік Жәнібек Садыровқа бұйырды.

Батыс аймақтық айтысқа қатысушыларға арнайы алғыс хаттар, дипломдар мен қомақты көлемдегі қаржылай сыйақылар табысталды.

Алты сағатқа созылған аламан айтыс халықтың рухын түлетіп, ерекше сезімге бөледі.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521