АУДАН ӘКІМІ ДОССОР КЕНТІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ДОССОР КЕНТІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
фото: автордікі
(0 Votes)

Бүгін Доссор кентінің ардагерлерімен кездесу барысында арнайы дастархан жайылып, ауданның дамуы жолында қызмет еткен ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. 

Алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Саматұлы қазыналы қарияларымыздың ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің маңыздылығын жеткізді.

Сонымен қатар, биыл ауданымыздың 100 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтілетіндігін айтып, әр салада қызмет еткен ардагерлерге «Ауданның 100 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.

Өз кезегінде еңбек ардагерлері де аудан әкімінің алдағы атқарар жұмысына сәттілік тілеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521