Көз көрмесе де көңілде бәрі сайрап тұр

(0 Votes)

Мемлекеттік рәміздер күніне орай орталық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Оған ауданымыздың соқырлар қоғамының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысып, зағип жандардың қоғаммен етене партриоттық рухын көтеру мақсатын көздеді. Шараға қатысушыларды Мақат кенті әкімі Б.Жайкин ресми мерекемен құттықтап, зағип жандардың үйде отырып қалмай, қоғаммен белсене араласып, ортаға бейімделуге және қолдарына беріліп жатқан қосалқы жабдықтарды уақытында пайдаланып, рухани жан-дүниесін сәулелендіруге мүмкіндіктің барын алға тартты. Шара барысында ұлттық кодымызды дәріптеу, қолданбалы өнер туындылыарына қызығушылықтарын арттыру бағытында кеңестер берілді.

Сонымен қатар, соқырлар қоғамы мүшелерінің қоғамдағы белсенділіктерінің көрінісі үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы сынды облыстық спорттық жарыстар жеңімпаздарының келешектеріне сенім артты. Мұнан соң кітапхана сөресінен орын алған «Мемлекеттік рәміздер –тәуелсіздік символы» кітап көрмесі оқырмандарға насихатталды. Рәміздерді құрметтеу барша ел азаматтарының патриоттық борышы саналатынын жадылаған көрмеден елтаңбамыз бен туымыздың, әнұранымыздың маңыздылығы суреттелген кітаптар мен энциклопедиялық басылымдар таныстырылды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521