Өртеніп алып өкінгеннен, кемшіліктен сабақ алған дұрыс

(0 Votes)

Өрт – адамзаттың қас жауы. Әсіресе, дала өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі.

Осы орайда 30 мамыр күні Доссор кенті далалық алқабында жазғы өрт қауіпі кезеңінде өрттің алдын алу және жою мақсатында ерікті өрт сөндіру жасақтарымен оқу-жаттығу өткізілді.Аудандық әкім аппараты және аудандық төтенше жағдай бөлімінің ұйымдастыруымен өткен оқу-жаттығуға 15 мекеме, 2дана АЦ-7-40 өрт сөндіру автокөлігі, 17дана (су тасығыш, Ямобур, автокран, трактор, погрузчик, вакуум, жүк тасығыш және қосалқы жеңіл көліктер) техника қатыстырылды. Жазғы өрт қаупі кезеңінде дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді ерікті өрт сөндіру жасақтарымен сөндіруді ұйымдастыруды мақсат еткен шараға Мақат, Доссор кенттері, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық телекоммуникатция торабы, "Тазалық-Көгал" ЖШС, "Атырау Су Арнасы", "Доссормұнайгаз" МГӨБ, «Атырау-Жарық» АҚ-ы, Мақат желілік өндірістік басқармасы, №8 Өрт сөндіру бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Доссор селолық орталық ауруханасы, аудандық ветеринария бөлімі, аудандық жергілікті полиция бөлімі мекемелері жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша арнайы дайындалған жерге өрт қойылды. Дабыл соғылып, белгілі аймақта өрт оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар берілді.

Санаулы уақытта жеткен техника мен мамандар қызыл жалынды сөндіруге бірден кірісіп кетті. Алдымен тілсіз жау бағыт алған жақты ерікті өрт сөндіру жасақтары сөндіруге тырысып, кейін арнайы өрт сөндіру мамандары отты дер кезінде ауыздықтады. Жараланған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Көзді ашып-жұмғанша сақадай сай техника апаттың алдын алды. Барлығы шынайы түрде болды.Оқу-жаттығу жиынынан соң қатысушылар мен бақылаушылар аумақтағы штабқа жиналды. Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Самал Елубаева және кент әкімі Ербол Ермағамбетов оқу-жаттығу шарасына қатысқан арнайы қызметкерлердің деңгейін бағалап, қызметкерлердің шеберліктерімен қоса қателіктерін де атап өтіп, апаттардың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521