Иппотерапияның игілігі

Иппотерапияның игілігі
фото: автордікі
(0 Votes)

 Елімізде 2019 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бейімделген ат спорты және иппотерапия стандарты әзіленген болатын. Бұл бағыт неврологиялық және өзге де күрделі диагнозы бар балалар мен ересектердегі патологиялық жағдайларды емдеуге қолданылады.

Бұл терапия түрі ауданда да былтырғы жылдан бері жүзеге асырылып, оң нәтижесін көрсетіп келеді.

Осы орайда өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағанбетов Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқа міну арқылы ем-дом қабылдайтын иппотерапия алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.

Жалпы, иппотерапия жұмысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «ҮМІТ – HOPE – НАДЕЖДА» жеке қоры мен Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Мақат аудандық филиалының бірлесуімен алдыңғы жылдан бері үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мақсатында өз жұмысын жалғастыруда.

«ҮМІТ – HOPE – НАДЕЖДА» жеке қорының басшысы Калима Изимованың айтуынша, ат терапиясы арқылы жүргізілетін ем-дом міндетті түрде дәрігер нұсқаулығына сай жасалады.

«Жоба аясында бүгінгі күнге дейін 55 бала ем қабылдады. Былтыр бұл жоба пилоттық жоба ретінде бір ай жұмыс жасаса, биыл үш ай көлемінде қызмет көрсетуде. Жалпы, иппотерапия сөзіне тоқталатын болсақ, грек сөзінен аударғанда аппен емдеу дегенді білдіреді.Ал, медицина мамандары осы атпен емдеуді ертерек бастауды ұсынады. Себебі атпен емдеу қан айналымды ретке келтіреді. Сол себепті біз иппотерапия еміне үш бастан бастап балаларды қабылдап жатырмыз. Нәтижесі қуантарлық»- дейді жеке қор басшысы К.Изимова.

Сонымен қатар, дәрігер-реабилитолог, инструктор-иппотерапевт, халықаралық деңгейдегі сертификат иесі Калима Изимова иппотерапия емін жүргізу үшін алаңда 1 дәрігер және 3 нұсқаушы маман жұмыс атқаратынын айтып, болашақта Доссор кентінен де атпен емдеу орнын ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Б.Асхатқызы

Толығырақ газетіміздің кезекті  № 37 санынан оқи аласыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521