Абайдың ой орамдары - біздің мол мұрамыз

(0 Votes)

Биыл елімізде үлкен мерейтой ұлы ақынның 175 жылдығы кең көлемде тойланады деп жоспарлануда. Бұл өткенімізді ұмытпай, тарихымызды тереңінен бойлап, бабалар жолын жалғастыруға арналған игілігімізді білдіреді.

Еліміздің ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өтуге үлес қосу - әрбір азамат үшін үлкен парыз. Абай бабамыз бүгінгі ұрпағына қазақтың қара сөзі мен әдебиетінің қазынасын аршып беріп, өмірлік ұстанымға және күнделікті тірлікке қажетті ой орамдарын мол мұра етіп қалдырды. Оның мұраларының өміршеңдігі әлі күнге дейін өз құнын жойған жоқ, жойылмайды да.                          

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялап, үкіметке бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Сондай-ақ, президент "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғыртуды, Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді, ақын еңбектерін шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырды. Және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауға да қаулы етті.                         

Ендігі біздің алдымызда тұрған міндет осы істерді абыроймен атқарып, ақын есімін мәңгі тарихта қалдыру. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі», - деп Міржақып Дулатов айтқандай, Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек алдыңғы қатарлы мәдениет ғана деп білді. Сондықтан да ол қазақты мәдениетті іргелі елге жақындату амалын, халықтардың мәдени бірлестігі жолдарын қарастырды. Осы бір ізгі мақсаттарды ақын өзінің тамаша шығармаларының өзегі ете білді.                                                                                                                                               

Ал, оны рухани жаңару мен жаңғырудың басты арқауы етіп алу – Абай жолын ұстанған ұлт мерейінің асқақтығы деп білеміз.

Руза ҮМБЕТОВА,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT