«Болашақ» бөбекжай-балабақшасында ішаралық спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен өткізілді.
Эстафета қимыл белсенділігін арттыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды, балалардың денсаулығын нығайту мен ой-өрісін дамыту арқылы отансүйгіштікті арттыруды мақсат етті.
![]()
Ойынға ересек топ бүлдіршіндері арасында 5 ұл, 5 қыздан құралған «Ақсұңқар»және «Мерей» командалары қатысты.
![]()
Бағдарламаның кезеңдері бойынша санды кубиктерді ретімен орналастыру, есептің қосындысы мен айырмасын табу үшін жұмыстанды.
Жарыс қорытындысы бойынша «Ақсұңқар» командасы жеңіске жетті. Қатысушылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен марапатталды.
![]()
Қатысушылар арасынан балалар іріктеліп, аудандық біріншілікке дайындықтарын бастап кетті.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Суреттер автордікі


