Аудан әкімі Шәкір Кейкінұлының төрағалығымен және аудан активінің қатысуымен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Арыстановты зейнет жасына жетуіне байланысты құрмет демалысына шығарып салу шарасы болып өтті.
Шәкір Кейкінұлы осы уақытқа дейін ішкі істер органдарында адал қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда зор үлесін қосқан Асхат Арыстановқа өз атынан алғыс хат табыс етіп: «Талай жерде абыройлы қызмет атқарып, білікті басшы болған өзіңіздей маманды зейнеткерлік демалысқа қимай тұрмыз. Ел тыныштығы үшін жасаған жұмыстарыңызға рақмет! Жаңа бастамаларыңызға сәттілік!», - деп жылы лебізін білдірді.
Аудан әкімінің ақжарма тілегін құқық қорғау саласының ардагері Сәбит Халенов жалғағаннан соң, марапат иесі біте қайнасып жұмыс істеген әріптестері мен Мақат жұртына бүгінгі күнге дейін танытып келген қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.
А.Жұмабекұлы