Жадыраның алғашқы кітабы жарық көрді

(0 Votes)

Оның өлеңге деген, поэзияға деген құмарлығы  мектеп қабырғасынан басталған еді. Балаң жырлар кейіннен албырт сезімдерді бейнелеген әдемі өлеңдерге  ұласты. Тың туындылар Жадыра қыздың көмейінде тұншығып тұра алмады. Өлең болып өріле берді.

Мұнайлы мекеннің көгінде тағы бір жұлдыз жарқырап келеді. Міне бүгін жас ақынның  "Ой, оян, ойлан" атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.  "Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу",-демеуші ме еді.  "Nur Otan" партиясы Мақат  аудандық филиалының  қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығында   аталмыш кітаптың  тұсаукесер рәсімі өтті.

img_3470

Жас ақынның қадамына сәттілік тілеп келген аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева мен Мақат кенті әкімі Е.Ермағамбетов  кеш қонағы ретінде ортадан табылды. "Мен де өнер адамының, ақынның келінімін. Ақындық ғұмыр кешудің оңай еместігін атамызға қарап түсінгенмін. Қаламың мұқалмай, биіктерден көріне бер деді",- аудан әкімінің орынбасары О.Жаңбырбайқызы.

img_3483

Жыр сүйер қауымға Жадыраның есімі жақсы таныс. Ол  2002 жылы 10 маусымда  Мақат кентінде  дүниеге келген. 2019 жылы  Х.Санбаев атындағы орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің студенті атанған. Аудандық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері, республикалық көркемсөз байқаулардың жеңімпазы.

img_3538

2018 жылы Мақат ауданының "Үздік жас қаламгері"  номинациясының иегері. Республика бойынша Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған жас ақындар мүшайрасының 30 үздік жас ақынның қатарына енген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Оразалы орталығы “Жас қалам” ұйымы мен "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының мүшесі. "Үздік жас ақын-2021"  атты республикалық байқаудың III дәрежелі диплом иегері және жинаққа өлеңі енген.


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521