ҰСТАЗДАР ПІКІРСАЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ

(0 Votes)

Атырау облысы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшылары арасында «Director’s CUP» облыстық кезеңі өтті.

 Аталмыш дебат турнирінің басты мақсаты – білім беру ұйымдары жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, көшбасшылық қабілетін дамыту, сондай-ақ өзекті мәселелерге қатысты ой-пікірін еркін әрі дәлелді жеткізе білу дағдысын қалыптастыру болды.

Облыстық кезеңге Х.Санбаев атындағы орта мектептің директоры Ақжанар Телегенқызы мен С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының директоры Асылболат Амангелдіұлы қатысып, жоғары кәсіби деңгейін, басқарушылық шеберлігін және шешендік қабілетін көрсетті. Нәтижесінде олар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.

Америкалық парламенттік форматта өткен пікірсайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, білім саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

Турнир білім басшыларына тәжірибе алмасуға, заманауи көзқарастарды ортаға салуға және кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік берді.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT