Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара болып өтті. Шара барысы қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекетттік Әнұранын шырқаумен басталды.
Мерекелік шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқан қызметкерлерді құттықтап, ізгі-тілегін білдірді. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлерге арнайы алғыс хат табыс етті.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысының алғыс хатымен аудан әкімі аппаратының бас маман инспекторы Е.Қырықбаев, Доссор кенті әкімінің аппаратының бас маман-заңгері Н.Құлжанова, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Г.Сариева марапатталды.
Сондай-ақ аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Р.Жолиман, аудандық статистика бөлімінің бас маманы А.Нұржанов, аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері А.Бозжігітова, Мақат кенті аппаратының бас маманы А.Әлжанова, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Долдашев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал акттілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепшісі Б.Примбетова және аталмыш бөлімінің бас маманы А.Ақбержанова, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы А.Жангереева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Мақсотов, аудандық кірістер басқармасы бөлімінің басшысы А.Амангелдіқызы және жас мемлекеттік қызметкерлердің аналары Н.Оспанова, А.Чауетова, З.Қадырбаева аудан әкімінің арнайы алғыс хатын иеленіп, марапат биігінен көрінді.
Одан әрі құттықтау тілегін жеткізден аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Р.Дюсенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Е.Келдібаева, аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы С.Кенжешова және аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Р.Тортиеваны арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар шараға қатысқан мемлекеттік саланың ардегерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы гүл шоқтары табыс етілді. Мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ә.ҚАСЫМ