Мақаттық мемлекеттік қызметші «Үлгілі отбасы» атағын жеңіп алды

(0 Votes)

 Мемлекеттік қызметшілер өз мерекелері жақындаған сайын сан қырларымен танылуда. Әуелі спорттық сайысқа түссе, кейін білімі мен логикаларын байқап куизге қатысты. Ал жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен олардың өнер мен салт-дәстүрді тануы сыналған «Отбасым-үйім, отбасы-тірегім» атты облыстық байқау болып өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың рөлін нығайту және салт-дәстүрді сақтау болған.

Өнерге таласы бар мемлекеттік қызметшілер өз отбасыларымен қатысқан байқауға ауданымыздың атынан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маман-есепшісі Балнұр Пірімбетова қатысты.

Қатысушылар алғашқы кезеңде өздері және отбасы туралы түсірілген креативті бейнероликтерін көрсетті. Екінші кезеңде Махамбет Өтемісұлының шығармашылығынан жыр оқыды немесе күй мен терме орындады. Ал үшінші кезеңде қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сұрақтар қойылса, соңғы кезеңде барлығы да жанұяларымен бірігіп өз өнерлерін ортаға салды. Сайыста күйшілік қабілетімен көпті тәнті еткен Балнұр Пірімбетова енесі, қайынсіңлісі және ұлымен бірге «Үлгілі отбасы» номинациясын жеңіп алды. Ол жарысқа қолдап келген Гүлжанар Тілесқызы бастаған әріптестеріне рахмет айтады.

А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT