Әйел қолға алса, бітпейтін шаруа жоқ

(0 Votes)

Қараша айының 7-8 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамыту мен ТДМ-2030-дың орындалуына қосар үлесі» атты Қазақстанның Ауыл әйелдерінің ІІ форумы өтті.

Форум жұмысына Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы А.Әжіғалиева және 30-ға жуық жергілікті атқарушы органдар өкілдері, өңірлік комиссия хатшылары, түрлі саладағы ауыл әйелдерінен үздік номинанттар, саясаткер әйелдер клубының жетекшілері  т.б. делегаттар қатысты.

img-20191112-wa0011

Форум аясында түрлі семинарлар мен шеберлік кластары,  тәжірибе алмасу кездесулері, мал шаруашылығындағы , өсімдік сорттарын күту технологиялары, отбасы мен ана институтын нығайтуға арналған тренингтер әйелдердің қоғамда өзіндік ұсыныс және жаңа жобалар әкелуіне түрткі болды.

 «Менің жетістігімнің тарихы» номинациясының жеңімпаздарынан «Ауыл әйелдерінің жетістікке жетуінің 100 тарихы» атты жинақ кітабы жарық көрді.

Бұл кітапқа ауданымыздан аудандық орталық емхана директорының ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары Р.Тайшекенова және Доссор кенті әкімінің орынбасары Г.Ерғожиева енгізілген.

img-20191112-wa0013

Форумда Доссор кенті әкімінің орынбасары Г.Ерғожиева «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясының төрағасы, ҚР Президентінің жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Рақымбекованың алғыс хатымен марапатталса, Мақат ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Алмагүл Кеуелова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы М.Айсинаның алғыс хатымен марапатталды.   

А. Қуатбайқызы,

ішкі саясат бөлімінің маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT