Аналар саулығына атүсті қарайтыны қалай?

(0 Votes)

Өткен аптада Доссор кенті әкімдігінің мәжіліс залында Аналар кеңесінің ана мен баланың денсаулығы мен өмірін қорғау шаралары тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Доссор селолық ауруханасының гинеколог дәрігері О.Саламат, Доссор полиция бөлімшесінің полиция инспекторы А.Жоламанов, Доссор кенті әкімі аппаратының бас маманы М.Нұрғалиева, Аналар кеңесінің төрайымы Т.Уразбаева, мүшелері А.Кадыргалиева, Т.Даумова, Ж.Имангазиева қатысты. Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Қазақстанда да адам өмірі барлығынан да маңызды.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген арнайы бағдарламалар қабылданып келеді. Әсіресе ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде. Оның себептері де түсінікті. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-орында тұр. Халық саны бойынша төменгі сатыларда. Елдің демографиялық ахуалын жақсарту үшін ана мен бала денсаулығының жақсы болуы маңызды. Үкімет тарапынан қабылданып жатқан арнайы бағдарламалар өз нәтижесін бере бастады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері 25 жылда елімізде ана мен бала өлімі бірнеше есеге азайған.

Дегенмен ана өлімінің мәселесі түбегейлі шешілді деген сөз емес.Ақ халат-тылардың айтуынша, елімізде жүкті әйелдердің 20 пайызының ғана денсаулығы жақсы, яғни, 80 пайызының денсаулығында түрлі ақау бар. Мұның басты себебі жүкті әйелдердің дер кезінде дәрігерге қаралмайды. Мәселе кентте де орын алып отыр. Өсы және өзге де жайттар жөнінде Доссор селолық ауруханасының гинеколог дәрігері О.Саламат баяндап өтті. Ана мен баланың денсаулығын қорғау- мемлекеттік, қоғамдық және медициналық мекемелердің басты қызметтері санатынан табылады.

Дәрігер баланың дүниеге келуі және тәрбиеленуіне жағдай жасау, жанұяны нығайтуға жан-жақты қолдау жасау, жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі сәбилер денсаулығына бақылауды күшейту жұмыстарының жоспарымен таныстырды. Аналар кеңесі мүшелері мектептерде, колледждерде қыз балалармен кездесулердің ретін тиянақтап, жоспарлы шаралардың мақсаттарын айқындады.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521