Жаңа жыл кешін Бейбітшілік көшесіндегілер "бір жағадан бас шығара" отырып қарсы алды.
Нақтырақ айтсақ, аталмыш көшедегі №11 үйдің тұрғындары өз күштерімен және "Мади" ЖК-мен бірлесіп, балаларға қуаныш сыйлады.
Жылдың жаңа күндері басталар сәтте кент әкімі Б.Сәрсенов тұрғындарды мерекемен құттықтап, келер жылға толағай табыстар тіледі. Ел аузында "алпыс үйлік" атанып кеткен көпқабатты үйдің иелері осылайша жаңа жылды ұйымшылдықпен бастап, кеш барысында Аяз ата мен ақшақар сынды кейіпкерлерді де ұмыт қалдырмады. Балалар тақпақтарын айтып, тәттіге қарық болса, үлкендер жағы баласының қуанғанына мәз.
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күннің парқына байыппен бара білген "Бейбітшіліктегілерге" жарасқан ынтымағының тарқамауын тілейміз.
"МТ"