Жаңа жыл басталысымен халық қалаулылары ауыл-аймақты аралап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағамдап, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түру үшін сапарлап бастады. Ел тынысымен танысатын кездесуде депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бағыттары туралы түсіндіріп, Мәжілістің заң шығарудағы жұмыстары туралы баяндайды. Әлеуметтік саладағы реформаларды түсіндіруге баса назар аударады. Сондай-ақ, халық қалаулылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Осы мақсатта Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов мұнайлы өлкеге іссапармен келді.
Дүйсенбі күні ауданға ат басын бұрған халық қалаулысы Доссор мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Алқалы кездесуге облыстың мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин, аудан әкімі Шәкір Кейкин, кент әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері мен тұрғындары қатысты. Мәжілісте өңір басшысы Ш.Кейкінұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баян етті. Сондай-ақ, ол мәртебелі мейманға ауданның алдағы уақыттағы ұстанатын бағыт-бағдары, жоспарларымен де бөлісті.
Аймақтағы қалыптасқан жағдайды анықтап, халықтың сұранысын нақтылау үшін келген Парламент Мәжілісінің депутаты жиын барысында сенат жұмысы мен халық игілігіне қабылданған заңдарға жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағамдап, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Мұғалім мәртебесі, әлеуметтік саладағы оң өзгерістер, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мәселесі, мал ұрлығы және жол ережесі. Осы және өзге де тақырыптар кездесуде барынша қаузалды.
Алдымен Сәрсенбай Құрманұлы 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға кеңірек тоқталып, тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Толығырақ газетіміздің №1 санынан оқи аласыз!
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі