Доссорда ерекше жандарға арналған фестиваль өтті

(0 Votes)
Фото: аудандық мәдениет үйінің фб парақшасынан алынды

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Доссор мәдениет үйінде өмірге құштар жандарды өмірге бейімдеу және шығармашылық қабілетін насихаттау мақсатында «Ән жүректе» атты облыстық ән фестивалін өткізді.  

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін бағалап, қолдау танытты.

Иә, қоғамда тағдыр тауқыметімен жанарынан айырылған, көру мүмкіндігі шектелген жандардың қатары баршылық. Олардың өмірі қандай қиындыққа толы болса да, денсаулығым жарамайды, жағдайым келмейді деп қол қусырып қарап отырмайды. Қоғамдық шараларға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салып жүр. Оған осы көзі көрмейтін жандар арасында ұйымдастырылған шара дәлел.

Қазақ композиторларының шығармаларын кейінгі ұрпаққа жеткізу, ел жадынан мәңгі өшпейтін әндерді одан әрі дәріптей отырып, оларға деген елдің сүйіспеншілігін арттыруды мақсат еткен фестивальде алдымен «Еркем-ай» үлгілі би ансамблі «Құстар» биімен шараны ашып беріп, кейін кеш жүргізушісі көрермендерге барлық қатысушыларды таныстырып өтті.

316941317_1673675213102548_7420094454269163038_n

Фестиваль талабы бойынша Атырау облысының аудандары мен облыс орталығынан келген екі өнерпаз бірінші кезеңде қазақ композиторларының әндерін жеке орындап, екінші кезеңде еркін тақырыптағы туындыны дуэт болып шырқады. Атырау қаласынан келген Гүлжанат Тастанбекова «Айша-бибі» және Рустам Шамбозов «Атырау – арман қала», жылыойлық Айдана Әлиева «Ағады Жайық» және Күміс Молдабеков «Нені ойладың?», қызылқоғалық Абай Әділбеков «Мөлдірім-ау» және Талғат Хами «Алыста жүріп сағынған қандай?», Құрманғазыдан келген Мұстара Дәулетова «Кешікпей келем деп ең» және Қонысқали Сәттіғұлов «Қайдасың?», махамбеттік Камилла Кенжалиева «Асыл ана» және Бекбол Қапаров «Қарағым-ай», исатайлық Ералы Калимов «Анаға сәлем» және Бақтығали Шөреғалиев «Арыс жағасында», индерлік Нұрлыбек Қабдрахманов «Мен қазақпын» және Рая Жұбанышқалиева  «Ұнатамын мен сені», жергілікті әншілердің атынан Клара Өтешова «Алматым жүрегімде» және Рита Қуантаева «Сырласу вальсі» әндерін орындады.

317082253_1673677136435689_7229378369549629201_n

Еркін тақырыпта ән шырқаудың кезегі келгенде Гүлжанат Тастанбекова мен Рустам Шамбузов Құралай Сәтмұхамбетованың «Елге сапар», Айдана Әлиева мен Күміс Молдабеков Шәмші Қалдаяқовтың «Қайдасың?», Абылай Әділбеков пен Талғат Хами Бақтыбай Досболсынның «Сағындым сені», Клара Өтешова мен Рита Қуантаева Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», Мұстара Дәулетова мен Қонысқали Сәттіғұлов Әсет Бейсеуовтің «Алтыным», Ералы Калимов пен Бақтығали Шөреғалиев Шәмші Қалдаяқовтың «Құстар қайтып барады», Камила Кенжалиева мен Бекбол Қапаров Ескендір Хасанғалиевтың «Айналайын» және Нұрлыбек Қабдырахманов пен Рая Жұбанышқалиева Нұрғиса Тілендиевтың «Куә бол» шығармаларын шырқады.

317296281_1673676809769055_7205622328742222849_n

«Бүгін өнер көрсеткен барша өнер иелеріне аудан әкімдігі атынан және аудан тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Тағдырдың сынағына мойымай халықтың ризашылығына бөленіп жүрулеріңіз ерлік деп білемін. Әрдайым үлкен сахналардан көріне беріңіздер»,- деген аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалын аудан әкімі атынан марапаттады.

317234563_1673676896435713_4475292750934452298_n

nbvthtrnte767

«Бұл фестивальдың жобасы 2019 жылы Махамбет ауданында жасақталған. Содан бері карантинге байланысты екі жыл тоқтап қалып, биыл ғана жалғасын тауып жатыр. Өкінішке орай жоба авторы Теміржан Кенжалиев өмірден өтіп кетті. Шараны ұйымдастырып жатырған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне және Доссор мәдениет үйінің ұжымына қоғамдық бірлестік атынан алғыс айтамын. Өнерпаздарымызды қолдап, бірге ән салып отырған көрермендерге де көп рахмет»,- деген  «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының орынбасары Маржан Ерғалиева аудан әкімі Ринат Ибрагимовқа, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Өтешоваға және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовқа, Доссор мәдениет үйінің басшысы Думан Құрмашевқа «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының атынан алғыс хат табыстады.

317237289_1673677346435668_4271673731426422591_n

Шара соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Салтанат Қожағұлова барлық қатысушыларға алғыс хат пен елу мың теңгелік ақшалай сыйлық тарту етті. Жетістікке жетіп, ерекше жандар әрқашанда ел назарынан тыс қалмақ емес.

                                                                                     

                                                                                                                          А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521