Желмен жарысқан желаяқтар

(0 Votes)
Фото: Жастар ресурстар орталығының фейсбук парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Бұл ретте ауданымызда түрлі спорттық шаралар қолға алынып, ұйымдастырылып жүр.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар  арасындағы күзгі жүгіру марафоны болып өтті. Алдымен, жарыстың ашылу салтанаты өтіп, мемлекеттік әнұран орындалды. Аталған шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Марафонға 40-қа жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған марафон салауатты өмір салтын ұстануды мақсат етті.

Айта кетейік, марафон Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесі мен «АMANAT» ғимараты аралығындағы автокөлік жолында өткен болатын.

kfjfhgythg7

Жарыс қорытындысы бойынша 14-17 жас аралығындағы 3,5 шақырымдық қашықтықта бірінші болып Исламбек Беркінғали мәреге жетті. Екінші болып Қайыржан Ищан, үшінші болып Әбдіманап Қайрош келді.

Сондай-ақ, 7 шақырым қашықтық бойынша 18-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында мәре сызығын алғашқы боп Парасат Құлмұханов кесті. Ал, екінші орынды Аманжол Құлсариев, үшінші орынды Ерлан Жұпаров еншіледі.

yrtfghd654

Жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлық табысталды. Одан бөлек, төртінші және бесінші болып келген қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Ә.ҚАСЫМ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521