Қатар-2022: Англия ширек финалға шыға ала ма

(0 Votes)
https://www.inform.kz/

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының екінші ойын күнінде Англия мен Сенегал құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эль-Қаур қаласындағы 68 965 жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі. Бас төреші – сальвадорлық Иван Бартон. Оған отандасы Давид Моран Сантос пен АҚШ-тан барған Кэти Несбитт көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші – гондурастық Саид Мартинес.

FIFA рейтингінде Англия - 5, Сенегал 18-орында тұр.

Екі құрама өзінің тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр.

Топтық кезеңде Англия В тобында ойын көрсетті. Иранды 6:2, Уэльсті 3:0 есебімен жеңіп, АҚШ-пен 0:0 есебімен аяқтады.

Ал, Сенегал А тобында Қатарды 3:1, Эквадорды 2:1 есебімен жеңіп, Нидерландқа 0:2 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ, 4 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де Франция мен Польша кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

 

Мақат тынысы

Сайлау

ybory-2023-price

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика