Топтық жұмысқа талпыныс жоғары

(0 Votes)

Доссордағы А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде 14 -18 қаңтар аралығында орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бірлестігінің апталығы өтті.

Апталықта оқушыларға қызықты және танымдық шаралар ұйымдастырылды. Апта барысында ағылшын тілі пән мұғалімі Л.Абайқызы 6 «б» сыныбына «School life» тақырыбымен ашық сабақ өткізіп, жоғары сынып оқушыларына «Miss English & Mister English» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырды. Орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімі Г.Жәрдемғалиқызы 6 «ә» сыныбына «Египет означает «тайна» атты ашық сабағын өткізсе, 5-11 сынып оқушыларына «Когда собака с человеком рядом...» атты әдеби кеш ұсынды. Ағылшын тілі пән мұғалімі Г.Карлқызы 3 «а» сыныбына «Musical instruments» атты ашық сабақ пен «Wooden house» тақырыбында ертегі қойылымын қойды. Орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімі Ж.Серікқызы 10 «а» сыныбына «Разряды местоимений» тақырыбында ашық сабақ беріп, 7 «ә» сыныбына «Хочу все знать» атты ауызша ойын өткізді. Ағылшын тілі пән мұғалімі М.Исатайқызы 6 «б» сыныбына «Can for ability and permission» атты ашық сабақ өткізіп, «The Little Red Riding Hood» ертегісін қойды. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Ерланқызы 2 «ә» сыныбына «Зимние забавы» тақырыбында ашық сабақ және 4-сынып оқушылар арасында «Веселый марафон» атты сыныптан тыс өткізген шарасы оқушыларды қуантты. Ағылшын тілі пән мұғалімі Б.Мамайқызы 2 «ә» сыныбына «Our body» тақырыбымен ашық сабақ және 1 сыныптар арасына «ABC» party атты ойын-сауық кешін ұйымдастырды.

Мұғалімдер ашық сабақтарда жаңа инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін шебер қолдана білді. Әсіресе, бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасалды. Ұстаздар оқытуды ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдалана білді. Заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткізген сабақтар жоғары бағасын алды. Апталыққа оқушылар белсене араласып, шет тілдеріне деген қызығушылықтары арта түсті.

Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар өздері дайындаған бұйымдар мен тағамдарынан жәрмеңке өткізді. Салтанатты кеште оқушылар орыс тілі мен ағылшын тілінде ән айтып, өлең оқып, қойылым сахналап, би билеп өнерлерін көрсетті. Шараға белсенді қатысқан оқушылар, сайыс жеңімпаздары мен белсенді сыныптар марапатталды.

Г.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,

пән бірлестіктерінің жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521