«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде жалпыұлттық сипат алып, өңірлердің экологиялық ахуалын жақсартуға тың серпін беруде. Аталған акция аясында аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта ауданда әр жұма сайын жаппай сенбілік ұйымдастырылып келеді. Қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған сенбілікке аудандық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсене атсалысты.
Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аумақтар мен орталық көшелерді ретке келтіріп, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, ауданымызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.


