Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен спортты ұлт рухын нығайтатын маңызды салалар ретінде атап өтіп, оларды дамытуға тұрақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Президент өнер адамдарының ел мәдениетін әлемге танытудағы рөлін жоғары бағалап, сонымен бірге футболды коммерцияландыру мен клубтарды жекешелендірудің қажеттігін нақтылады.
Бұл бағыттағы тапсырмалар аймақтарда да жүйелі жүзеге асуда.
Аталған мемлекеттік саясат Мақат ауданында да өз жалғасын табуда. Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Биылғы 2025 жылы облыстық және республикалық жарыстарда бірқатар жүлделі орындар иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғады. Бұл – жаттықтырушылардың табанды еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың нақты жемісі.
Салтанат Қожағұлова,
Мақат аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы


