МАҚАТТЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

(0 Votes)

Мақаттық футболшылар облыстық, республикалық турнирлерде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мұнайлы мекеннің мерейін үстем етіп келеді.

 Футболшылар қай жарыста болмасын сәтті ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлеріне жарқын жеңістер сыйлауда.

Осы ретте жақында Махамбет ауданы Бақсай ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуына байланысты футзалдан 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында “Таңдай кубогі - 2025” облыстық турнирі өтті. Турнирде Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Мақат құрамасы жүлделі бірінші орынды еншілеп, аудан абыройын асқақтатты.

Сондай-ақ, команда мүшелері Берекет Асылбекұлы “Үздік қорғаушы”, Ақниет Лес “Үздік ойыншы” атанды. Ендеше, барған жарыстарынан жеңіссіз қайтпайтын аяқдопшыларға жеңісті күндерің көп болсын дейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT