Кітапхана сөрелерінде жаңа кітаптар!

(0 Votes)

Адамзат баласының танымын кеңейтіп, рухани дүниесіне айналған – кітаптың орны ерекше.

Еліміз дамып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында кітап қорының электрондық нұсқасын пайдаланушылармен қатар, баспа өнімдері де оқырман сұранысынан қалыс қалған емес. Жақында аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөліміне 506 жаңа кітап келіп, аудандағы 9 кітапханаға бөлініп берілді. Оқырманға жол тартқан «Астана» баспасынан, Алматының «Атажұрт», «Алатау», «Рарат», «Өнер», «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген әдеби кітаптар, тарихи туындылар, ғылыми-әдістемелек құралдар, тіл туралы заңның қолданысы аясында әдістемелік деректер топтамалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Кітапханалар сөрелерінен орын алған жаңа басылымдар оқырманын тауып, рухани мол қазынаға кенелтері сөзсіз. Заманауи дизайн үлгісімен көркемделген қазіргі қазақ жазушыларының еңбектері тәуелсіз еліміздің ұстанымы, дәстүрі мен мәдениетін дәріптесе, ғылыми-танымдық құралдарда тәрбие құралы болар кеңестер алуға мол мүмкіндік деп есептейміз.

Айнұр НҰРБАЕВА,

аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің кітапханашысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521