Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы

(0 Votes)

Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.

Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан, сынып жетекшілерімен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы сынып жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру мақсатында Х.Санбаев атындағы орта мектебінде «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен семинар ұйымдастырды.

Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қалдығарина сынып жетекшілерін білімді, жаңашыл, дарындылар қатарында қызмет етуге бағыттап, олардың жеке ұсыныс-пікірлерін анықтады. Сол проблемалар семинар барысында талқыға салынды. Семинардың екінші бөлімінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Галиева сынып жетекшілерді жарты жылдық тәрбие жұмысы бойынша мониторингті жүргізу тәртібімен таныстырды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521