2025 жылғы 27 қараша күні №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Т. Шаншар, Жылыой аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А. Пайзов, сондай-ақ Жылыой аудандық полиция басқармасының ЮПТ бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Қ. Сағимбеков қатысып, оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қонақтар оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызы, заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен бірге буллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру тақырыптары талқыланды.
Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.


