Жуырда Атырау қаласында 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған Atyrau Youth Hackathon 3.0 инновациялық жобалар конкурсы өткен болатын.
«Денсаулық сақтау» бағытында өткен хакатонның басты мақсаты қоғамның денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелеріне заманауи IT және инновациялық шешімдер ұсыну. Оны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Хакатонға біздің мектептен екі команда: «Qorgau» және «Programmers from Silicon Valley» командалары қатысқан болатын.
Нәтижесінде, Нұрлан Аяулым, Хасан Амир, Сәдібек Нұрмұхамбет, Исказиева Агистан тұратын «Programmers from Silicon Valley» командасы «Digital Pharmacy» секциясында жеңімпаз атанып, 1-орын иеленді.
Олар екі күннің ішінде Қазақстан аумағында рұқсат етілген дәрі-дәрмектердің айналымы мен тасымалын бақылауға көмектесетін, фармацевтика саласындағы шағын бизнесті дамытуға және мемлекет үшін бақылау жүйесін оңтайландыруға бағытталған гибридті қосымша жасап шығарды.
Жеңімпаз команданы құттықтаймыз!


