Алмалы ауылдық округінің 80%-ы дезинсекциядан өтті

(0 Votes)

Алмалы ауылында зиянкестерге қарсы профилактикалық шаралар жалғасып жатыр. Жұмыстарды “AG Disinfection Services” ЖШС атқаруда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір ауылдағы 56 көшенің 80 пайызында дезинсекциялық жұмыстар аяқталған. Мамандар әр көшеге екі адамнан бөлініп, улы препараттарды жер қазып салуда.

– Жұмысты 26 қарашада бастадық. Қазір 10 адамнан құралған бригада жұмыс істеуде. У зиянкестердің қозғалыс бағыты бойынша орналастырылады. Улы дәріден ет пен балықтың иісі шығады, бұл тышқандардың үйге кіруіне жол бермейді, – деді компания басшысының орынбасары Гүлсара Худжибекова.

Сонымен бірге әкімдік 150 келі бром-БД (улы бидай) сатып алған. Оның үйдің ішіне және сыртына себуге арналған түрлері тұрғындарға кезек бойынша таратылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT