Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағытта барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстанып, қоғам сенімін арттыруға күш салуда. Мақат ауданында да осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл тақырып төңірегінде біз Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетовпен сұхбаттасқан едік.
– Азамат Саматұлы, қоғамдағы адалдық пен ашықтықты қалыптастыру ісі билік пен халықтың бірлескен еңбегін қажет ететіндігі белгілі. Жалпы жергілікті тұрғындармен байланыс деңгейі қандай?
– Жергілікті тұрғындар мен байланыс деңгейі жақсы. Халықпен тұрақты түрде кездесулер мен қабылдаулардың нәтижесі ашықтықты нығайтуға үлес қосып отыр. Жалпы, ау данда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Біздің мақсат – ашықтық пен адалдық қағитаттарын барынша күшейту.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы нақты шаралар туралы айтып өтсеңіз?
– Біріншіден қазіргі таңда барлық мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіледі. Бұл қызметтің ашық әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, тұрғындар үшін қабылдаулар мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл арқылы біз жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдауға, ұсыныстарын жедел қарауға мүмкіндік ала мыз. Үшіншіден мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жиындар мен іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл мемлекеттік қызмет сапасын арттырып қана қоймай, әр қызметкердің жауапкершілігін күшейтеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Мақат ауданы әкімдігінің, соның ішінде аудан әкімі аппараты қызметінің күн тәртібінен түскен емес.
– Мемлекеттік қызметшілердің бұл тұрғыда жауапкершілігі туралы не айтар едіңіз?
– Ең алдымен мемлекеттік қызметші – халықтың сенімін ақтауға міндетті тұлға. Сондықтан әр қызметкер өзінің сөзіне, ісіне және қабылдаған шешіміне жауапты болуы керек. Аудан әкімдігі де бұл бағытта дербес бөлім бас шылары мен мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Біз сол арқылы адалдық мәдениетін орнықтыруға тырысамыз. Айта кетейін, бұған дейін Мақат ауданы әкімдігінің, соның ішінде аудан әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Егер болған жағдайда өз ісіне селқос қарап, жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылады.
– Сіздің ойыңызша, сыбайлас жемқорлық деген не?
– Бұл лауазымды тұлғаның өз қызмет өкілеттігін және мүмкіндіктерін жеке басының немесе өзге адамның пайдасы үшін заңсыз пайдалану әрекеті. Ал бұл қоғамның дамуына, мемлекеттік органдарға де ген сенімге және әділдік принциптеріне нұқсан келтіреді. Қысқасын айтқанда, сыбайлас жемқорлық – адалдық пен жауапкершілік қағидаттарына қарсы әрекет. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші оны болдырмауға және алдын алуға міндетті.
– Сыбайлас жемқорлықты біржола жою оңай емес. Алайда оның алдын алу әрбір азаматтың, әсіресе, мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Сондықтан алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қандай нақты қадамдар жасау керек деп ойлайсыз?
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру – үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан ұжым ішінде сенім мен әділдікке негізделген жұмыс ор тасын қалыптастыру жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолы. Сондай-ақ ашық әрі әділ қызмет ету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыра аламыз.
– Азамат Саматұлы, мазмұнды әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Әсем ҚАСЫМ


