Бүгін ауданымызда Газшылар ықшам ауданындағы жаңадан абаттандырылған “Газшылар аллеясы» ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.


Жаңа аллеяның ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов:
“Тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы ретте бүгін “Газшылар аллеясын” сіздердің игіліктеріңізге табыстағалы отырмыз. Кентіміздің келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады”,- деді.
Әрі қарай кент тұрғыны Айсұлу Жұбаниязова бұл игі бастамасына алғыс білдіріп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Әнесұлы мен қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов салтанатты түрде аллеяның лентасы қиды.
Шара барысында Мақат балалар өнер мектебінің ансамблі өнер көрсетіп, халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аллеяның жарықтандырылған көшелері, көркейту-абаттандыру жұмыстары — бәрі де кент халқының жайлы демалуына бағытталған.
Бұл - тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына себеп болатын маңызды әлеуметтік нысан.
С.Бекарыс


