Бүгін Мақат кенті Қ.Сатпаев көшесіндегі 18/1, 18/4 көп қабатты тұрғын үйлердің алаңындағы балалар алаңшалары мен әмбебап спорттық ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.
Алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин: «Балалар ойын алаңының ашылуы – тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және балалардың қауіпсіз орта қалыптастыруына бағытталған – маңызды жоба. Жаңа алаңдар кентіміздің келбетін жақсартып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- дейді аудан әкімінің орынбасары. Әрі қарай ойын алаңдарының лентасы қиылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұған дейін ауданда 20 дан астам балалар ойын алаңшалары ашылған болатын.
С.Бекарыс


