Әмина ҰБТ-дан 133 ұпай жинады

Әмина ҰБТ-дан 133 ұпай жинады
фото: кейіпкерден алынды
(0 Votes)

Бүгінде түлектерді толқытқан ҰБТ нәтижесі көңіл қуантуда. Ауданымыздың бітіруші түлегі облыс көлемінде ең жоғары ұпай жинап, аудан абыройын асқақтатты. Атап айтқанда, Б.Қанатбаев орта мектебінің түлегі Әмина Аманкелді ҰБТ-дан 133 ұпайды иеленді.

Алтын белгі иегері тестке дайындықты өткен жылы бастап, керемет нәтижеге қол жеткізіп отыр. Зейіні зерек оқушы осыған дейін де талай білім бәйгелерінде оқ бойы оза шауып, дарындылығымен талайды таң қалдырған. Ол жуырда ғана «Абай оқуларының» республикалық кезеңіне жолдама алып, Абай елінде өтіп атқан байқауға қатысуы керек болатын. Десе де дарынды шәкірт ҰБТ тапсыратын уақыт пен жарыс мезгілінің тұспа-тұс келгендігіндіктен республикалық кезеңде бақ сынаудан бас тартқан.

Алдағы уақытта Әмина Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті немесе С.Демирелі атындағы университетке оқуға түсуді көздеп отыр. Ендеше, талапты шәкіртке талабың оң болсын дейміз!

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521