Зере жеңіс тұғырында

(0 Votes)
Зере жеңіс тұғырында
фото: С.Амандыққызынан алынды

Жақында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. 

Алты кезеңнен тұратын шығармашылық байқауда «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Зере Мұратқызы бас жүлдеге ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

«Әже мектебі» жобасын ұсынған Зере аталмыш шығармашылық байқау тәрбие мен ұлттық құндылыққа негізделген дейді. Бұл ретте айта кетейік, жаңа жоба жасауда шәкіртіне қолдау көрсеткен ұстаз Сандуғаш Амандыққызының еңбегі зор. Ұстаздың айтуынша, бұған дейін Зере бірнеше байқауларда топ жарып жүр. Сан қырымен танылған шәкірттің келесі кезеңде де жүлдемен оралатынына сенімім мол дейді ұстазы.

Ендеше, облыс намысын республикалық кезеңде қорғайтын Зереге сәттілік тілеп, алдыңнан ақ күн тусын дейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521