Атырауда қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдануда

 Атырауда қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдануда
(0 Votes)

Кәсіп ашу немесе оны дамыту мақсатында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, оған көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедектігі бар адамдар немесе оларды асыраушылар, асыраушысынан айырылғандар және қандастар құжат тапсыра алады. Ол үшін Business.enbek.kz порталында тіркеуден өту керек. Грант алу шарттарының сәйкестігіне тексерістен кейін, бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп, толтырып, порталға жүктеу керек. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойылады.

- Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны жөніндегі мерзімі 3 жылдан аспаған сертификаты болуы тиіс. Интернеті немесе компьютері жоқ адамдар, азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына барып өтініш бере алады. Грант көлемі 400 АЕК (1 476 800 теңге). Ол бір адамға бір рет беріледі, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Грантты қажетті құрал-сайман, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, көшеттер мен бұталарды, тұқымдар сатып алуға, орын-жайлардың жалақысын төлеуге пайдаланады. Өтінім қабылдау мерзімі 15-25 шілде аралығы.

Қайтарымсыз грантты былтыр 268 тұрғын алса, биыл бірінші лекте осал топ санатындағы 141 адам алған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT