Алғашқы ұстаздарын еске алды

(0 Votes)

Күміс қоңыраудың сыңғырлаған әсем үнін адам баласы оқушы кезеңінде жиырма мың реттен аса естиді екен. Бұл - Л.Шахатов атындағы орта мектептің түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты жиынында айтылған мәлімет. Қос тілде білім беретін алтын ұямен атаулы күні қырық алты түлек қоштасты.

Шара шағын ғана жиын ретінде өткенімен, естен кетпес естелік ретінде сақталатын санаулы сағаттарды түлектер  сап түзеп, елдің Гимнімен  бастады. Түлектер алғаш мектеп табалдырығынан имене  аттаған кезде оларды жылы жүзімен күлімсіреп қарсы алған алғашқы ұстаздарын да есінен шығармапты. Сондай аяулы жанның бірі бүгінде бақилық болған Анжела Сәбитқызы еді. Ұстаздарын бір минут еске алды.

img_0208

Шара салтанатты түрде ашылып, ортаға көк байрағымыз әкелінді. Бұл мәртебеге  аудандық, облыстық байқаудың жеңімпаздары, сынып белсенділері - Бертілеуов Махамбет, Исламова Әсемгүл, Жайлаубаева Әсел сынды түлектер ие болды.

Жиында мектеп басшысы Ұ.Елубаева, ата-аналар атынан А.Исамова және түлектердің сынып жетекшілері сөз алып, шәкірттеріне ақ жол тіледі.

img_0278

Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай жас түлектер ақын шығармаларынан үзінді келтірудің де орайын тапты. Соңынан директор мен  оқу ісі жөніндегі орынбасары түлектерге аттестаттарын табыс етіп, сәт-сапар десті.

Салтанатты сәт аманат туды тапсырумен әрленді. Соңғы рет соғылатын ерекше қоңырауға кезек келді. Ерекшелігі сол, бұл - балалық шақтан өмір белесіне асыратын қоңырау еді. Соңғы қоңырау соғу салтанатын құрметпен аталмыш алтын ұяның аудандық пәндік олимпиада жүлдегерлері, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып көзге түсіп жүрген 11-сынып оқушылары Қуанышев Алихан мен Бекболатқызы Аружанға тапсырылды.

img_0237

Алда күтіп тұрған биік асуларды жалынды күш жігер мен білім арқылы бағындыруға біз де тілектеспіз.  

А.САДЫКОВ
Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521