Бүгінде елімізде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды түрде дамып келеді. Ал бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдау да жоқ емес. Бұл ретте «Бастау бизнес» жобасының орны ерекше.
Аталған жоба халықтың бизнеске деген қызығушылығын оятты десек, артық айтқанымыз емес. Себебі, бұл жобаға қатысқандарға бизнес-жоспарды әзірлеуге көмек көрсетіліп, қаржылай грант беріледі.
Осыны ұтымды пайдаланғандардың бірі – аудан тұрғыны Жанаргүл Бағытқалиқызы. Ол бүгінде аудан орталығында «Ақтілек» массаж салонын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанаргүл өз кәсібін бастамас бұрын осы салада жұмыс жасағандығын айтады.
«Өткен жылдың қыркүйек айында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы грант ұтып, өз кәсібімді бастадым. Бұған дейін аудандағы «Көзайым» массаж салонында қызмет еткен бо латынмын. Содан кейін аталған сала бойынша көптеген оқу курстарын оқып, білімімді жетілдірдім. Кейіннен «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес әліппесін меңгеріп, өзіміздің ашқымыз келетін жобаны қорғадық. Осылайша, жобам сәтті өтіп, 1 млн 225 мың теңге көлемінде қаржылай грант иегері атандым»,- дейді кәсіпкер Жанаргүл.
Жалпы, ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында, кей мамандық қолданыстан шығып жатса , енді бірі қажеттіліктен пайда болып жатыр. Ал сондай қажеттіліктен туындаған кәсіптің бірі адам денсаулығына пайдасы мол массаж түрлері болып отырғаны рас. Кейіпкеріміз де өзінің орталығында көптеген аурудың емі болатын массаждың түрлерін қарастырған.
«Негізгі мамандығым – эколог. Алайда бұл мамандық бойынша ау данда жұмыс табыла бермейді. Өзім көпбалалы ана болғандықтан, ұзақ уақыт бойы бала тәрбиесімен ай налыстым. Десе де, бұрыннан үй жағдайында адамдарға халық емдерін жасап жүретінмін. Осы кәсіпті оқып, меңгергеннен кейін жұмысым алға қарай жанданып, еңбегімнің жемісін көре бастадым. Қазір бос уақытым жоқ десем де болады. Орталықта бүгінде адам денсаулығын жақсарту үшін массаждың түр-түрімен емдеймін. Мәселен, сүлік қою, хиджама , плазмолифтинг , шертпе , массажға арналған стоун тастары, шөп бөшкесі және қақырық түсіру үшін жасалатын массаждарды жасаймын. Яғни, халық медицинасын қолданамын. Одан бөлек, балаларға арналған массаж түрлері, сондай-ақ, аяққа арналған массаж аппараты бар. Бұлардың көптеген ауыр-сынуларды жоюға пайдасы зор»,- дейді массаж маманы.
Алдағы жоспарларымен бөліскен ол бүгінде ғимаратын жалдап отырғандығын, алайда алға қарай кәсібін кеңейту ойында бар екендігін айтты.
« Бүгін де орталықта бір өзім жұмыс жасаймын. Алдағы уақытта жұмысшылар алып, массаж кабинетін кеңейту ойымда бар. Яғни ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған жеке кабинет болса деймін. Шүкір кәсібім алға қарай дөңгелеу үстінде. Кейде мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетемін»,- дейді Жанарүл Бағытқалиқызы.
Массаждың ең алдымен адамның қанайналымын жақсартатындығы, денедегі тұздарды шығарып, адам ағзасының жұмысын реттеу үшін қажет екендігі мәлім. Он саусағымен ем жасап, еңбек тауып жүрген мас сажшы мұнда келетін келушілердің қатары көп екендігін жасырмады.
Міне, кәсіп ашамын деген аза маттар үшін бүгінде мүмкіндік көп. Осы берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланған Жанаргүл бүгін де кәсібінің берекесін көріп отыр. Тек ол үшін ерінбей еңбек ету керек дейді.
«Атамекен» кәсіпкерлер пала тасы аудандық филиалының ди ректоры Гүлназ Едігеева бүгінде кәсіпкерлік салаға қызығушылық та нытып жатқандардың қатары артып келе жатқанын айтады. Мемлекеттің қолдауын сезінген тұрғындар «Бас тау Бизнес» жобасы арқылы грант ұтып, кәсіпкерге айналуы көңіл қуантады деген пікірде. Десе де, тың жобалардың болмауы, гранттан үміттілердің жобасы қайталама бо луы әлі де ізденістің қажет екенін көрсетеді.
Айта кетейік, жақында «Бастау Бизнес» жобасынан грант алуға үміттілердің өтініштерін қарау жөнінде комиссияның осы жылғы алғашқы отырысы өтті. Комиссияға 29 тұрғынның жобасы ұсынылып, оның ішінде 7-еуінің жобасы грантқа лайық деп танылды.
Ә.Қасым